Байланыс қызметкерлері күні қарсаңында ТТС қызметкерлері салалық марапаттарға ие болды
18.05.2026
Компанияның 9 қызметкеріне байланыс саласындағы жоғары марапаттардың бірі - «Байланыс саласының үздігі» атағы табысталды.
Сонымен қатар, биыл ТТС-тің 28 қызметкері салалық министрліктің жоғары ведомстволық марапаттарына ие болды. Оның ішінде 19 маман байланыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Бұл марапаттар - күн сайын тұрақты байланыс пен сапалы желі жұмысын қамтамасыз етіп жүрген мамандар еңбегінің жоғары бағалануының көрсеткіші.