ТТС мамандары республикалық конкурста II орын иеленді
18.05.2026
Қазақстанда Байланыс қызметкерлері күніне орай техникалық мамандар арасындағы республикалық конкурс өтті. Байқауға еліміздің жетекші телекоммуникациялық компанияларының қызметкерлері қатысты.
ТТС командасы жоғары кәсіби дайындық деңгейін көрсетіп, талшықты-оптикалық байланыс желілерін дәнекерлеу бойынша практикалық сынақта II орын иеленді.
Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын - «Қазақтелеком» АҚ
II орын - «Транстелеком» АҚ
III орын - «Кар-Тел» ЖШС
Мұндай іс-шаралар мамандардың біліктілігін арттыруға және байланыс саласының дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.